Маңғыстаудағы бір ауыл әкіміне мердігерлерге ақша төлемегені үшін айыппұл салынды

324

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Маңғыстаудағы бір ауыл әкіміне мердігерлерге ақша төлемегені үшін айыппұл салынды Фото: gov.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша төрт мердігер ақшасын алмағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұсынысымен Ақжігіт ауылының әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

– Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылының әкімдігі мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бойынша жалпы сомасы 747 мың теңгені құрайтын төрт кәсіпкердің қаражатын төлемеген. Ақжігіт кентінің әкімдігі қызметкерлерінің ақшаны аудару кезінде қате жібергені себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Антикор араласқаннан кейін мердігерлерге ақшасын алу мүмкін болған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу