Маңғыстау облысы Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатын екі түлек аяқтады, деп жазады inbusiness.kz Mangystaumedia.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың мәліметінше, интернатта бар-жоғы 104 оқушы ғана білім алады. Биыл білім ордасын екі оқушы қыз бітірді. Мектеп директоры Айса Сағындықовтың сөзінше, көбі тоғызыншы сыныптан кейін колледжге түскен көрінеді.
"Биыл Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатын екі түлек бітірді. Мектеп-интернатында 104 оқушы бар. Оның елуі интернатта жатады. Білім ордасында 29 мұғалім жұмыс істейді", - деді білім ордасының басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу