Маңғыстаудағы бірқатар елдімекенде электр энергиясын "тиімді" ажырату әдісі қолданылмақ

487

Өңірде жедел штаб құрылды.

Маңғыстаудағы бірқатар елдімекенде электр энергиясын "тиімді" ажырату әдісі қолданылмақ Фото: inbusiness.kz

Маңғыстауда  №3 энергоблоктың авариялық жөндеуде болуына және "МАЭК" ЖШС-і электр станциясында №1 ЖЭС энергоблогының тоқтауына байланысты "КЕГОК" АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы диспетчерінің келісімімен электр энергиясын тұтынуға ішінара шектеулер енгізілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Өңірде жедел штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдері кірді. 13-14 тамызға қараған түні жедел штаб жұмысы барысында бірінші санаттағы әлеуметтік және денсаулық сақтау объектілерін электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Өңірдің елді мекендерін электр энергиясымен пропорционалды қамтамасыз ету үшін уақытша ажыратуды "тиімді" тәсілмен қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл, аймақтарға сәйкес, тұтынылатын энергия көлемін шектеу мақсатында тұтынушыларды 3-тен 5 сағатқа дейінгі электр желісінен циклдік ажырату жүргізілетінін білдіреді.

Бұл шара "МАЭК" энергоблоктарындағы апат жойылғанға дейін жалғасады.

Ірі өнеркәсіптік нысандарға берілетін электр энергиясына да шектеу қойылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу