Маңғыстаудағы ең ірі құс фабрикасы жабылу алдында тұр

465

Қазір кәсіпорын тоқырап тұр.

Маңғыстаудағы ең ірі құс фабрикасы жабылу алдында тұр Фото: gov.kz

Маңғыстау облысвндағы “Аөтау Агро” құс фабрикасы аймақтың тауық етіне деген қажеттілігінің жартысына жуығын жабады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров фабрикаға барғаннан кейін мәлімдеді.

"Ақтау Агро" ЖШС инвестициялық жобасы Маңғыстау облысында ет бағытындағы ең ауқымды және бірегей өндіріс болуы тиіс еді, оның қуаттылығы жылына 5 мың тоннаға жуық. Бұл өңірдің импортқа тәуелділігін екі есе қысқартуға ықпал етуі тиіс еді. Алайда қазір кәсіпорын жабылу алдында тұр", - дейді Айдарбек Қожаназаров.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпорын басшысы өндірісті қолдау үшін өнімді сату мен айналым қаражатын алуда күрделі проблемаларға тап болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақтау Агро" бройлерлік тауық өндіретін құс фабрикасы 2021 жылдың көктемінде жұмыс істей бастады. 2021 жылдың маусым айында дүкен сөрелерінде "Каспий құс" брендімен өнімдердің бірінші партиясы пайда болды. Кәсіпорын бүкіл аймақтың тауық етіне деген қажеттілігінің жартысын жабады деп жоспарланған.

Маңғыстау облысы жылына орта есеппен 11,5 мың тонна тауық мяса тұтынады, бұл ретте өңір құс фабрикасы ашылғанға дейін осы өнім бойынша толығымен импортқа тәуелді болды.

"Ақтау Агро" кешені 3 алаңнан тұрады: инкубатор, 30 мыңнан астам тауыққа арналған 16 құс үйі, қуаттылығы сағатына 2 мың бас сою цехы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу