Маңғыстаудағы ит төбелесі қашан болды?

998

Зооқорғаушылар полицияның айтқанымен келіспей отыр.

Маңғыстаудағы ит төбелесі қашан болды?

Маңғыстау облысындағы иттер төбелесіне байланысты дау жалғасуда. Белгілі болғандай, әлеуметтік желіде таралған иттердің қанжоса болған төбелесі жануарлар құқығын қорғау ұйымдарының ашу-ызасын тудырған. Алайда оны тексерген полиция бейнебаянның бұдан үш жыл бұрын түсірілгенін айтты.

"Тәртіп сақшылары роликтің иесін тауып алды. Ол Жаңаөзен тұрғыны болып шықты, видеоны 2017 жылы Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылының маңында түсірген. Қазір қызметкерлер ол жағдайдың анық-қанығын, ұйымдастырушыларды анықтап жатыр", – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибадуллаева

Дегенмен зооқорғаушылар оған күмәнданып отыр. Біріншіден, аймақта иттер төбелесінің өтетіні жөнінде бір ай бұрын хабарланған. Екіншіден, көрермендердің кейбірінде бетперде болған, бұдан үш жыл бұрын ешкімнің де бетперде кимегені түсінікті. 

"Бейнежазбаны мұқият қарасаңыз, екі адам маскамен жүр. Біреуі – медициналық, екінішісі – қолдан тігілген маска. Ит төбелесі жыл сайын күз және көктем мезгілінде өтіп тұрады. Соның алдын алып, тиым салу керек", – дейді "Шанс" қоғамдық қорының қамқоршысы Ольга Бахтеева. 

Қазіргі күні елімізде "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы қарастырылып жатыр, ол бойынша жан-жануарды қинаған, қатыгездікпен қараған тұлғалардың жазасын қатайту көзделген. Сонымен бір мезгілде интернет желісіндегі пікірталасқа сүйенсек, иттерді, соның ішінде төбеттерді таластыруды ұлттық дәстүр және спорт түрі деп қарайтындар да бар көрінеді.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу