Маңғыстаудағы Қаракөл тартылып барады

1216

Қаракөлдің таяздануына оған су құятын "Шора" каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы себеп. 

Маңғыстаудағы Қаракөл тартылып барады

Ақтау қаласының іргесіндегі жасанды көл – Қаракөл "Қызыл кітапқа" енген бағалы құстардың, әсіресе қоқиқаздар мен аққулардың мекені. Лек-легімен келетін құстар осы көлде қыстап шығады. Шора "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нен шыққан су құйылатын арна. Сондықтан да Қаракөлдің суы Каспий теңізімен салыстырғанда әлдеқайда жылы болады. Көл ерекше қорғалатын аймақ мәртебесіне ие. Жергілікті қоғам белсенділері су қоймасын Рамсар конвенциясының тізіміне қосуды сұрайды.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің құрылыс жұмыстарға байланысты тартыла бастағаны туралы ақпарат берді.

"Қаракөлде су көлемінің төмендеуі Шора каналы арқылы автомобиль көпірін салумен байланысты. Сондықтан да көпірдің алдыңғы жағына көлдегі су деңгейін ұстап тұру үшін қақпа сынды құрылғының құрылысын қарастыру қажет. Соңғы бірнеше жыл бойы жасанды су қоймасын Рамсар сулы-батпақты конвенциясының тізіміне қосуға ұсыныс бар. Сонда Қаракөлді қорғауды күшейтумен қатар, халықаралық мәртебеге ие болу басқа елдерден туристер тартуға көмектеседі. Қазіргі уақытта Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұл мәселені қарастыруда", – деп хабарлады министрліктен.

Айта кетейік, Қаракөлде жүзген қоқиқаздар туралы әдемі бейнежазбаны американдық Fox Los Angeles, CBS News және Fox Channel телеарналары әлеуметтік желілерінде де жариялады.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу