Маңғыстаудағы қуаңшылық: Биыл Үкімет резервінен шаруаларға 664 млн теңге бөлінген

1699

Өңірде құрғақшылық салдарынан 363,4 мың ұсақ мал, 113,5 мың жылқы, 82,2 мың түйе, 24,5 мың ірі қара мал қырылған. 

Маңғыстаудағы қуаңшылық: Биыл Үкімет резервінен шаруаларға 664 млн теңге бөлінген

Биыл Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтың салдарын жоюға Үкімет резервінен шаруаларға 664 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылғы 9-10 ақпанда министр Маңғыстау облысының шалғайдағы фермерлік шаруашылықтарына барып, шаруалармен кездесті. 

Сондай-ақ ол облыстың ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өткен жылы 281 мың 89 малды бағып отырған 733 шаруа қожалығы және 6 мың 776 жеке қосалқы шаруашылық көмек алған.

"Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 2022 жылғы 31 қаңтарда Үкіметінің резервінен қосымша тіркелген 71 мың 343 малды көмекпен қамту үшін 663,9 млн теңге бөлінді", – деді министр.

Ол малды тіркеу жұмысын жалғастыру керегін атап өтті.

Биыл 1 ақпан мен 31 мамыр аралығында "Жасыл дәліз – 3" функционалы жұмыс істейді. Жұмысты үздіксіз жүргізу үшін ветеринариялық дәрігерлері жоқ елді мекендерге қосымша 17 қызметкер жіберіліп, оларға қажет компьютерлік техника берілген. 

"Маңғыстау облысының фермерлерін қолдау мақсатында Азық-түлік корпорациясының резервінен 220 тонна кебек жеткізілді. Ол арзан бағамен сатылады. Бүгінде астық егетін өңірлер 1 000 тонна кебекті жөнелтуге дайын", – деп Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабарламада. 

Ведомство басшысы өңірдегі құрғақшылық салдарынан 2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша 363,4 мың ұсақ мал, 113,5 мың жылқы, 82,2 мың түйе, 24,5 мың ірі қара мал қырылған. 

Сонымен қатар соңғы жылдары өңірде жылқы малының саны артқан.

"Мысалы, тек өткен жылдың тамызынан бастап олардың саны 24 мың 627 басқа артты. Олардың арасында жергілікті жағдайларға бейімделмеген, бұрын Батыс Қазақстан, Ақмола және басқа облыстардан әкелінген жылқы тұқымдары бар. Мамандардың пікірінше, аймақтың жайылымдық ерекшелігі ірі қара мен жылқылардың толыққанды өсіруге келмейді", – деп жазылған хабарламада.

Өңірде барлық мал басының 40%-ы ұйымдастырылған шаруашылықтарда шоғырланған.

"Осыған байланысты министр фермерлерді алдағы кезеңде жемшөппен қамтамасыз ету жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Оның пікірінше, жергілікті атқарушы органдар мен аграршылар жаңа механизмдерді әзірлеп, жазда мал азығымен қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндіктерді қарастыруы шарт", – деп жазылған хабарламада.

Ербол Қарашөкеев жемшөппен қамтамасыз ету аудан әкімдерін міндеті екенін айтып, аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарды аталған мәселелерді белсенді шешуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу