Маңғыстаудағы Құрық портынан ақпанда алғашқы жүк жөнелтіледі

763

Маңғыстаудағы Құрық портынан ақпанда алғашқы жүк жөнелтіледі

Маңғыстау облысындағы Құрық портының паромы ақпан айында іске қосылады. Екі өткел-көпір бірден 2 кемені қабылдауға мүмкіндік береді. Әзірге оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Тағы бір пирс – әмбебап. Ол "Ро-Ро" секілді көлік түрлерін қабылдай алады. Бұл туралы Қарақия ауданында жүрген Парламент Мәжілісі "Нұр Отан" фракциясының депутаттарына баяндалды, деп хабарлайды 24Хабар.

Мәжіліс депутаттары  "Нұрлы жол" және Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Жоба құны – 32 млрд теңге. Биыл батыс және шығыс қоршағышының құрылысы аяқталып, кешен межелі мерзімде ашылуы тиіс. Порт жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Бұл Каспий аймағы бойынша мұнай өнімдерін, тыңайтқыш және химиялық заттар мен басқа да жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда 178 кеменің сандық жоспары бар. Бұл 2017 жылдың соңына дейін орындалады. Тағы да тапсырыс болады", – деді "Құрық порты" ЖШС бөлім басшысы Игорь Проценко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу