Маңғыстаудағы Қызылөзенде 144-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

106

Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстаудағы Қызылөзенде 144-ші өрт сөндіру бекеті ашылды Фото: ТЖМ

1157-ге жуық халқы бар қой шаруашылығымен танымал Форт-Шевченконың оңтүстік-шығысындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылында тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға арналған кезекті өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді.

Басшылар өрт сөндіру бөлімшесінің елді мекенге жақын болуы оқиға орнына келу уақытын едәуір қысқартуға және тұрғындардың қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу