Маңғыстаудағы "Темір баба" бекетінде көкөніс тиелген жүк көліктері өте алмай тұр

711

Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы "Темір баба" өткізу бекетінде жүк көліктері кезек күтіп үш күн бойы тұр.

Маңғыстаудағы "Темір баба" бекетінде көкөніс тиелген жүк көліктері өте алмай тұр

Көкөніс сататын көтерме саудагерлер тауарлардың дұрыс жүктелмеуіне байланысты машиналар жіберілмейтінін айтты. Кәсіпкерлер өнім бұзылып кетеді деп алаңдаулы,– деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Тауар тиелген жүк көліктеріміз кезекте тұр. Көкөністі Ақтаудағы "Асар-С" көтерме базарында сатамыз. Бірнеше күннен бері шыға алмай қиналдық.  Кідіріс жүк көліктерінің шамадан тыс жүктелуімен түсіндірілуде. Біздің жеткізушілеріміз тауарды дұрыс жүктемеген, яғни біркелкі болмағаны джа себеп. Олар тауарды түсіру керек, жүк жіберілмейді дейді. Бізде қияр, бұрыш бар. Өнім бұзылып кететін болды", – дейді кәсіпкерлер.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осы жағдайға түсініктеме берді.

Кәсіпкерлердің айтуынша, кезекте 30 шақты жүк тиелген көлік тұр. Барлығында тез бұзылатын тауар бар. 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті шекарада жүк көліктердің жиналып қалуына бірнеше себепті атады. 

1. Қазақстан Республикасына келетін көлік құралдары салмақ параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған жүйелерін қолдана отырып, көліктік бақылаудан өткен кезде жол берілетін осьтік жүктемелердің асып кетуін анықтаған.Тасымалдаушының өтініші бойынша жүктерді түсіруге болады. Кеден бекетінде түсіру-тиеу жұмыстарын және арнайы техниканы жүргізу шарттары жоқ екенін ескере отырып, тасымалдаушылар 170 шақырымдағы Жаңаөзен қаласынан жүк тиегіштер мен техниканы жалдайды. 70 км жол жамылғысының болмауына байланысты күту 3-4 сағаттан астам уақытты алады.

2. Кедендік ресімдеуді күту, яғни тауарларды шығаруды жүзеге асыру және өткізу пунктінен одан әрі шығу үшін кедендік декларация беру.

3. Кеден бекетінде тауарларға декларация беріле отырып, тауарларды кедендік декларациялау жүргізіледі. Мұнда тәуекелдерді басқару жүйесіне автоматты режимде кедендік тексеріп жүргізіледі.

"Кеден бекетінде кедендік тексеру жүргізілетін бір ғана жабық ғимарат бар екенін және бір кедендік тексеруге 5-6 сағаттан астам уақыт кететінін ескерсек, қалған тасымалдаушылар өз кезегін, оның ішінде анықталған осьтік жүктемелерді жою үшін күтуге тура келеді", –  деп түсіндірді ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу