Маңғыстаудағы үш жер қойнауын пайдаланушы компанияның лицензиясы кері алынды

519

Тексеру нәтижесінде Маңғыстау облысында қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға берілген 3 лицензия күшін жойды.

Маңғыстаудағы үш жер қойнауын пайдаланушы компанияның лицензиясы кері алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ел аумағындағы пайдалы қазбалар кен орындарына тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша жаңа инвесторларды тарта отырып, үш және одан да көп жыл бойы игерілмеген кен орындары айқындалды.

Лицензиядан айырылған жер қойнауын пайдаланушылардың үшеуі Маңғыстау облысының аумағында өз қызметімен айналысқан мына компаниялар: "KazTrans-4" ЖШС, "Табылдиев Б." ЖШС және "Теміржол Жолдау" ЖШС.

"Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығына компаниялар хабарлама алған күннен бастап 3 ай ішінде сотта шағымдануға құқылы. Сотқа жүгінген жағдайда мерзім, құзыретті органның шешімі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады", - делінеді құзырлы орган таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу