Маңғыстаудағы жергілікті бюджеттің түсімі 140,3 млрд теңгені құрады

832

Жергілікті бюджеттің орындалысы 189 млрд. теңгені, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің орындалысы 69 млрд. теңгені құрады.  

Маңғыстаудағы жергілікті бюджеттің түсімі 140,3 млрд теңгені құрады

Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Қаржы басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаев мәлім етті. Айтуынша 25,5% бюджеттің жалпы көлемінен 69,8 млрд.теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Ал, жергілікті бюджеттің түсімдері 140,3 млрд.теңгеге орындалды

"Облыс бюджетінің ең үлкен үлес салмағын 49%, әлеуметтік сала шығыстары алады. Оның ішінде білім беру – 38%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету – 4,8%, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік – 3,4%, денсаулық сақтау – 2,7%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 20,3%, көлік және коммуникация-6,5%",  – деді Қуаныш Берішбаев.

Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен 32 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражат 172 жобаны іске асыруға бағытталды.

"Оның ішінде 8,1 млрд. теңге сомасына 81 әлеуметтік-мәдени объектілерді салу және жөндеу 6,3 млрд. теңге сомасына 38 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін 13,5 млрд.теңге сомасына 45 инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, 4 млрд. теңге сомасына елді мекендерді абаттандыру бойынша 8 жоба. Осы бағдарламаны іске асыру халықты 6 383 қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", – деді Қуаныш Берішбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу