Маңғыстаудан алғашқы әйелдер вагоны жолға шықты

1353

Бүгін әйелдер вагоны тіркелген алғашқы пойыз жолға шықты.   

Маңғыстаудан алғашқы әйелдер вагоны жолға шықты

"Маңғыстау-Алматы" бағытында қатынайтын жолаушылар көлігі толықтай жаңартылған құрамда сапар шегеді. Пилоттық режимде 30 әйелді тасымалдайтын вагонда билет құны бағасы қарапайым вагондармен бірдей. Билет сатып алғанда, әйелдер вагоны "ЖН" деп белгіленеді.

Сондай-ақ бұл вагонға билет алған жолаушы жеті жасқа дейінгі ұл балаларды өзімен бірге алып жүре алады. Вагондар мемлекеттік "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында сатып алынған. Пойыз "Тверь" вагон жасау зауытының технологиясы бойынша "Тұлпар" кәсіпорнында құрастырылды. Пойыз құрамында 14 купе, 16 плацкарт жаңа вагоны қатынайды. Вагондар ауа баптау және өрт сөндіру жүйесімен, бейнебақылау, су қорымен жабдықталған.

Сонымен қатар әр вагонға тоңазытқыш пен микротолқынды пеш те қойылған. Айта кетейік, "Маңғыстау-Алматы" бағытындағы пойыз бұрын өте ескі әрі жолаушылардан арыз-шағым көп түсетін.

"Әйелдер вагоны ашылғанына өте қуаныштымын. Біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет болатын. Енді жолдағы 3 тәулікті алаңсыз өткіземіз. Іші өте таза, ұядай жайлы екен", – деді жолаушы Мөлдір Қуаныш.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу