Маңғыстаудан Атырауға су тасқынының алдын алуға арнайы техникалар жөнелтілді

230

Аталған арнайы техникалар су тасқынан зардап шеккен және әлі де қауіп төніп тұрған елді мекендерге бөгет салу және нығайту жұмыстарына жұмылдырылады. 

Маңғыстаудан Атырауға су тасқынының алдын алуға арнайы техникалар жөнелтілді Фото: "Қаражанбасмұнай" баспасөз қызметі

Маңғыстау облысынан Атырау өңірінде су тасқынының алдын алуға көмек ретінде арнайы техникалар жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Атырау қаласында су тасқынына дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында Маңғыстау өңіріндегі бірнеше компания көмек ретінде ауыр техникаларды жіберді.

Оның ішінде "Альянс ЛТД" компаниясы мен "Қаражанбасмұнай" АҚ, "Гатин" әрқайсысы 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, ⁠ "⁠ОңдасынСтрой" – 1 экскаватор, "Ақтау теңіз порты" – 2 жүк тиегіш, "⁠АС-Құрылыс" мекемесі 1 автобусты аталған өңірге жөнелтті.

"Атыраулықтарға қолдау көрсету – бәріміздің азаматтық міндетіміз. Көліктерді басқаратын жұмысшыларымызға да зор жауапкершілік артылып отыр. Бастысы – қауіпсіздік талаптарын сақтап, қажетті көмек көрсетілетініне сенемін", - деді "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директоры Марат Елеусінов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу