Келер айда асылтұқымды Адай жылқылары ат спорты түрлерінен өтетін "Еуразия кубогына" қатысады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Халықаралық жарыста "Маңмаңгер" мен "Бумер" атты қос тұлпар Маңғыстау облысының ғана емес, бүкіл еліміздің намысын қорғайды. Аймақтағы ат спорты федерациясының басшылары ғасырлар бойы Маңғыстаудың қатаң табиғатына бейімделген жүйрік те төзімді Адай тұқымды жылқыларын баптауға баса назар аудара бастады. Арнайы бағдарлама қабылданып, дүбірлі сайыстарға қатысу жоспары бекітілді.
"Бумер" есімін иеленген тұлпар халықаралық додаға дайындықты бастап кетті. Атбегілер ұзақ қашықтыққа шабатын жылқыдан үлкен үміт күтіп отыр. Жануар жуырда ғана Қырғызстанда өткен халықаралық жарыстан жеңіспен оралыпты.
"Достық" кубогында артта тұрған бумер 60 шақырымда жақсы келіп, соңғы 20 шақырымда Кабардина-Балкария Қарашайдың аттарын 20 км тастап келді. 20 км бұрын келді деген сөз. Бұның салқынқандылығы, жақсылығы, артықшылығы сонда. Сіз аттың кішкентайлығына қарамаңыз. Бұл шапшаң жүреді. Алдағы шілде айында болатын халықаралық жарыста "Бумерді" тәжірибелі шабандоз Жеңісбек Етіреков тізгіндейтін болады. Ол 5 жасынан бастап ат құлағында ойнап келеді. 11 жыл ішінде талай тұлпардың жеңісіне куә болыпты", – дейді облыстық ат спорты түрлері федерациясының президенті Шадырақ Ермекбайұлы.