Маңғыстауда карантиндік шаралар жеңілдеуі мүмкін

573

Бірқатар облыстарда карантиндік шаралар қатаңдатылып жатқанда, маңғыстаулық эпидемиологтар өңірде барынша жеңілдетілген режимге көшуді сұрайды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Маңғыстауда карантиндік шаралар жеңілдеуі мүмкін

Мамандар бұл тұжырымға бір аптаға жуық аймақта Ковид 19 инфекциясының бірде-бір жағдайы анықталмаған соң келген. Маңғыстауда карантинді жеңілдету туралы өтініш бас санитардан Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта тұр. Негізгі ұсыныс кәсіпкерлік қызметтің уақыт өзгертуге қатысты.

Сенбі күндері сауда кешендерінің, мейрамханалардың, кинотеатрлардың және басқа да бизнес нысандарының жұмыс кестесін ұлғайту ұсынылды. Қазіргі  бұл күні кәсіпкерлік субъектілері 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Санэпидемиологтар жеңілдік тек республикалық ведомствода бекіткеннен кейін ғана әрекет ететінін еске салды. Содан кейін қабылданған рәсімдерге сәйкес облыстың жедел штабының жаңартылған қаулысы ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу