Маңғыстаудың білім беру орындарында санитарлық талапты бұзған үшін 22 млн теңгеден астам айыппұл салынды

618

Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті былтыр өңірдегі білім беру және тәрбиелеу объектілеріне 279 тексеру жұмыстарын жүргізді. 

Маңғыстаудың білім беру орындарында санитарлық талапты бұзған үшін 22 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаровтың айтуынша, 2022 жылы ерекше тәртіппен 184 нысанды тексеру жоспарланып, оның ішінде 166-ы тексерілген.

"166  объектінің 165-інде кемшіліктер анықталды. Нысандарда жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша  анықталған кемшіліктерге сәйкес және лабораториялық зерттеу қорытындылары бойынша жауапты тұлғаларға барлығы 22 528 365 теңге айыппұл салынып, 79 әкімшілік шара қолданылды", - дейді Асылбек Шаров.

Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 171 санитарлық ұйғарым беріліп, оның ішінде 122-сі талапты орындаған. Берілген санитарлық ұйғарымның орындалысы бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде жалпы білім беру мектептерінде санитариялық талаптардың орындалмауына байланысты Жаңаөзен қаласындағы 4 нысанның құжаты сотқа жолданған.

Тексеру барысында қатты тұрмыс қалдықтарды жинауға арналған контейнер қақпақтарының болмауы, спорт алаңдары қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеуі, мектеп ішіндегі дәретханаларда істен шыққан санитарлық құрылғылардың уақытылы ауыстырылмауы, өндірістік бақылаудың ұйымдастырылмауы, химия кабинеттерінің құрал-жабдықтарының толық жабдықталмауы, спорт залдарындағы киім ауыстыратын бөлмедегі жиһаздардың жеткіліксіздігі көп кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу