Маңғыстаудың бірқатар лауазымды тұлғаларына сөгіс жарияланды

1043

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси Кеңес Бюросының отырысында Маңғыстаудың лауазымды тұлғаларына сөгіс берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  

Маңғыстаудың бірқатар лауазымды тұлғаларына сөгіс жарияланды

Оның ішінде облыс әкімінің бірінші орынбасары мен Қарақия және Бейнеу аудандарының әкімдері бар. Негізгі себеп – "Жол картасы" аясында жоспарланған 112 іс-шараның 3/1-і  ғана орындалған.

Осы жылдың 8 айында өңірлік және аумақтық сайлауалды бағдарламаларына жүргізілген талдау нәтижесінде барлығы 112 іс-шараның 41-і орындалып, 6-ы енді қолға алынған. Тағы алтауының  жүзеге аспайтын түрі бар. Қалған 4 шара ауыстыруды қажет етеді.

"Бұл жұмыстарға мемлекеттік орган басшылары жауапты. Халық бізден "Жол картасын" сапалы жүзеге асыруды күтеді, сондықтан біз өзімізге артылған сенімді ақтауға міндеттіміз. Жоспардың орындалмауы әкімдер мен басқарма басшылары арасында ішкі байланыстың жоқтығын көрсетіп тұр. Бұл жүйелі жұмыстың жоқтығы. Бәріміз бір бағытта жұмыс істеуіміз керек. Сонда ғана алдымызға қойылған міндеттерді орындап, өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланатын боламыз", – деді Нұрлан Ноғаев.

Партияның "Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қаралды. Жоспарға әлеуметтік нысандардың құрылысы, жол инфрақұрылымы, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б. 112 шара енгізілген. Аталған жобалардың толық және мерзімінде орындалуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуі тиіс болған.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу