Маңғыстаудың бұрынғы әкімі Алика Айдарбаевқа іздеу жарияланды

382

Қазақстан біріккен ММА федерациясы өз басшылары Алик Айдарбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстаудың бұрынғы әкімі Алика Айдарбаевқа іздеу жарияланды Фото: sap-u.kazatomprom.kz

"Қазақстанның біріккен ММА федерациясының жаттықтырушылары мен спортшылары федерацияның іс басындағы президенті Алик Айдарбаевты іздейді. Алик Серікұлы, спортшылармен байланысқа шығуыңызды сұраймыз", - делінген федерацияның желідегі парақшасында жарияланған мәліметте.

Туризм және спорт министрлігі осы жайтқа байланысты кейінірек пікір білдіруге уәде берді.

"Федарациямыздың президентін таба алмай жүрміз. Байланысқа шықпайды. Ол федерацияны басқарған уақыттың ішінде 100 млн теңгеден астам салық берешегі қалыптасып отыр", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу