Маңғыстауда "E-Agroculture" автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген

966

Маңғыстауда "E-Agroculture" автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген

Маңғыстауда ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мал басы саны 30%-ға өсіп, 500 мыңға жеткен. Егін шаруашылығында 2 700 млн теңгеге көкөніс және бақша дақылдары, мал шаруашылығында 10 800 млн теңгеге ет және ет өнімдері өндірілген. Облыстық ауал шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы өңірде 1030 га егіс алаңының 790-на тамшылатып суару жүйесі қолданылған. Оған көкөніс және бақша дақылдары егіліпті. Осы салада өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 942,7 тоннадан 15 835,2 тоннаға дейін жетіп, 44,7% -ға өсті. Маңғыстаудың экпорттық әлеуеті де артып келеді. Мәселен, өткен жылы дәнді-дақыл және ұн өнімдерінің шығарылымы 10,8 млн АҚШ долларын құрап, 0,8%-ға көбейген. Ал, биыл 12 млн АҚШ долларына шетелге шығару жоспарланған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлдың айтуынша, жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске қосылып, 70-ке жуық жұмыс орны ашылған.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында техникалар толығып келеді. "E-Agroculture" біріңғай автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген. 2017 жылы 1489 ауыл шаруашылық және арнайы техникалары тіркелген. Оның ішінде 26 техниканы жеке кәсіпкерлер өз қаражатына алыпты.

"Ауыл шаруашылығында әсіресе, мал басы саны артқаны біз үшін жақсы көрсеткіш. Сиыр етін өндіруді жоспарға сай орындап отырмыз. Жоспар бойынша 8 мың тонна еді. Біз 1 мың тоннаға артық орындадық, яғни өсім 25 пайыз. Индикаторлар бойынша белгіленген жоспарлы межелерге жетіп отырмыз. Құдық қазуды артық орындап отырмыз", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Сондай-ақ ол Маңғыстаудағы ауыл шаруашылығының әлеуеті жақсарғанын айтады. Әсіресе, басты жетістік ауыл шаруашылығы секторында 12 млрд теңгеден астам өнімнің өндіріліп, саланың нақты көлем индексі 108,2%-ға жеткені. Бұл көрсеткіш республика өңірлері арасында даму қарқыны бойынша 1-ші орынға шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу