Маңғыстаудың ірі құрылыс компаниялары 5 күннен бері наразылықта тұрғандарға жұмыс ұсынды

501

Бүгін "Альянс LTD", "Ақ жол құрылыс", "АЙКОМ LTD" компанияларының басшылары Жетібай ауылындағы жолды жауып тастаған ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға өз компанияларынан жұмыс ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Маңғыстаудың ірі құрылыс компаниялары 5 күннен бері наразылықта тұрғандарға жұмыс ұсынды Фото: Жетібай әкімдігі

Құрылысшылар әртүрлі жұмыс орындарын ұсынып отыр. Мәселен, жартылай тіркеме көлігінің жүргізушісі, электрик, дәнекерлеуші, учаске бастығы, асфальт төсеу машинисі, жеңіл көлік жүргізушісі, бульдозер машинисі, жүк тиегіш машинисі, жүк көлігінің жүргізушісі, тас қалаушы, сылақшы, бетоншы сынды мамандар қажет. 

Бос жұмыс орындарының ең төменгі жалақысы - 223 мың теңге, ең жоғары жалақы - 450 мың теңге.

"LTD Альянсының" директоры Асқар Керелбаевтың айтуынша, ұсынылып отырған бос жұмыс орындары тұрақты жұмыс болып табылады, өйткені Маңғыстауда құрылыс маусымы ұзақ.

“Сіздерге жұмыс керек екенін естігеннен кейін біз тұрақты жұмыс орындарын ұсынып, көмектесуді шештік. Бұл жақсы жұмыс орындары, олардың көпшілігінде арнайы білім қажет емес, біліктілікті арттыруға да көмектесе алады. Оның үстіне біздің компанияларда вахталық әдіспен жұмыс істеуге болады, бір вахта - 15 күн. Нарықтық жалақы алуға болады. Мұнай саласына барлық ниет білдірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкін емес, бірақ біз сіздерге нақты жұмыс ұсынып отырмыз”,–дейді Асқар Керелбаев.

Өкінішке орай, жиналғандар ұсынылған бос жұмыс орындарынан бас тартып, тек мұнай саласына орналасуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу