Маңғыстаудың минералды су шығатын аймағында демалыс орны ашылады

1790

Маңғыстаудың минералды су шығатын аймағында демалыс орны ашылады

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында демалыс аймағы ашылады.

Ақтаудан ең шалғай орналасқан елдімекенге қарасты Есет ауылында жерасты су көзі бар. Су құрамында пайдалы минерал көп. Осы себепті кәсіпкерлер емдеу-сауықтыру кешенін тұрғызуды жоспарлап отыр. Меценаттар қаржысына сондай-ақ, Маңғыстау ауданында заманауи үлгідегі спорт сарайы салынып жатыр.

Жалпы өткен жылы "Рухани жаңғыру" аясында өңір кәсіпкерлері 11 млрд-тан аса қаражат жұмсап, бас-аяғы 59 жобаны жүзеге асырды. Әсіресе Шетпе елдімекені жанынан Көгез этноауылы ашылғалы, шетелдік туристер саны көбейгені байқалады. Биыл "Туған жер" бағдарламасы аясында 160-тан аса іс-шара жүзеге асады деп күтілуде.

"Бүкіл облыс төңірегінде "Туған жерге тағзым" акциясының аясында парктер, спорт кешендері мен алаңдары тұрғызылуда. Бұл жұмыстардың барлығына мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаржы бөлінген жоқ. Тек қана демеушілер, кәсіпкерлер және белсенділердің қаражатына істеліп жатқан жұмыстар", - дейді "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесінің өкілі Бағлан Оразымбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу