"Маңғыстауэнергомұнай" серіктестігіне жаңа басшы тағайындалды

177

Қуанбек Шәкірұлы Биғалиев "Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС-нің бас директоры қызметіне кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.   

"Маңғыстауэнергомұнай" серіктестігіне жаңа басшы тағайындалды Фото: t.me/kmgpress

Қуанбек Биғалиев 1968 жылы дүниеге келген. 1992 жылы Алматы энергетикалық институтын "Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау" мамандығы бойынша, 2004 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Маңғыстау монтаждау-реттеу басқармасының Жетібай учаскесінде инженер-реттеуші болып бастады.

Әр жылдары "Өзенмұнайгаз" АҚ құрылымдарында инженер-реттеуші, қабат қысымын ұстап тұру цехының бастығы, бас инженер, "Өзенэнергомұнай" басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін "Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болды.

Айта кетейік, "Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның Қаламқас және Жетібай кен орындарында электр желілеріне технологиялық қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу