Контрабандалық тауарды жеткізушілердің арам пиғылына полицейлер кедергі болды. Бұл туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Мекеменің дерегі бойынша, биылғы жылдың 1 маусымында жедел-іздестіру шаралары кезінде құқыққорғау органдары қызметкерлері DAF жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүк көлігінен 13 460 000 дана MAC Extra blue темекісі анықталып, тәркіленген.
Тауарды жалған құжат жасап, контрабандалық жолмен өткізбекші болғаны белгілі болды.
Аталған факті ҚР ҚР 1 бөлімі, 286 бабы бойынша Маңғыстау облысының ПД сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне тіркеуге алынған.