Маңғыстауға 32 миллион теңгенің мал азығы жеткізіледі

1048

Шаруаларға 250 тонна шөп және 180 тонна жем тегін беріледі.

Маңғыстауға 32 миллион теңгенің мал азығы жеткізіледі

Қостанай облысынан Маңғыстауға 32 миллион теңгенің мал азығы тегін жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстау облысының әкімдігі мен "Олжа Агро" ЖШС арасында мал азығын тегін жеткізу бойынша меморандумға қол қойылған.

"Келісім аясында аталған компания қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек ретінде жалпы құны 32 миллион теңге болатын 250 тонна шөп және 180 тонна жем жеткізеді. Сонымен қатар ЖШС өңірге мал азығын нарықтағыдан төмен бағаға жеткізеді", - деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл жұмысқа аймақ басшысының орынбасары Ғалымжан Ниязов жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу