Маңғыстауға бір айда заңсыз келген 30 шақты шетелдік азамат анықталды

437

Маңғыстау облысында 2-8 қазан аралығында “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Маңғыстауға бір айда заңсыз келген 30 шақты шетелдік азамат анықталды Фото: тумба.кз

Шара мақсаты - заңсыз көші-қон арналарын анықтауға және жолын кесуге, сонымен қатар көші-қондылықты бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған.

Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, құрылыс нысандарын тексеруде. Аталған іс-шара аясында облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасымен бір күн ішінде 29 шетелдік анықталды.                                                                                                                                                

"Тиісті материалдар ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігімен шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша сотқа жіберілетін болады. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған жағдайда жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз",- дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу