Көктем қарсаңында Маңғыстау облысына "Қызыл кітапқа" енген қызғылт қоқиқаздар қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Қаракөлге қызғылт қоқиқаздың қайтып оралған видеосын блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында жариялады.
"Қоқиқаздар жылы жақтан қайтып келіп жатыр. Бұл құстарға таңқалудан жалыққан емеспін. Әйтеуір бір күні Ақтауда Қаракөл көліндегі құстарды бақылауға арналған қауіпсіз инфрақұрылым пайда болады деп сенемін", - деп жазды ол парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу