Маңғыстауға соңғы 5 жылда 4 триллион теңге инвестиция тартылған

Мұны Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.

Маңғыстауға соңғы 5 жылда 4 триллион теңге инвестиция тартылған Фото: canva.com

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте өңір экономикасынның дамуы сөз болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Облыста өңдеу өнеркәсібі 116% өскені мәлім болып отыр. Яғни, 11 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері оң нәтижеге қол жеткізген. 

– Облыс дамуының негізгі бағыттары – өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, шағын және орта бизнес, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары болып қала бермек. Аталған бағыттардың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін өңірге инвестиция тарту жұмыстары жалғасатын болады. Соңғы бес жылда өңірге 4 трлн теңге инвестиция тартылды, – деді облыс әкімі. 

Жалпы өңірлік өнім 2,2 трлн теңге немесе 100,9%-ға өссе, өнеркәсіп өнімінің 2,8 трлн теңгеге артқаны белгілі болған. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінің өнімі 116,2%, ауыл шаруашылығы өнімі 101,6%, тұрғын үйді іске қосу 102,4%, ақпарат және байланыс 105,9% және сауда көлемі 106,8%-ға көбейген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу