Маңғыстауға тасымалданған шетелдік өнімдердің 84%-ы санитарлық талапқа сай емес

493

Маңғыстау облысында өткен жылы өнімдердің қауіпсіздігін тексеру мақсатында сауда орындарынан 3145 өнімнен сынама алынып, зертханалық сараптамадан өткізілген. Оның ішінде балалалар ойыншығы, азық-түлік, тұрмыстық тауарлар тексерілген.

Маңғыстауға тасымалданған шетелдік өнімдердің 84%-ы санитарлық талапқа сай емес

Нәтижесінде іріктеп алынған өнімнің 268-і санитарлық-эпидемиологиялық нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Сәйкессіздік анықталған өнімдердің 84% шетелдік өнімдерге тиесілі, қалған 16% отандық өндірушілердің үлесінде. 

Атап айтсақ, 79% таңбалау талаптары бұзғаны белгілі болған. Онда өндірушінің мекенжайы, өнімнің сақтау шарттары, ЕАЭС белгісі, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі мен мемлекеттік тілдегі ақпарат көрсетілмеген. Мониторинг шеңберінде балаларға арналған тауарлардың 190 сынамасы зертханалық сараптамадан өткізілді. Олардың 33% таңбалану бойынша талапқа сәйкес еместігі анықталды. Барлығы шетелден әкелінген ойыншықтар болып шықты. Өндірістік тауарлар ішінде таңбалану бойынша сәйкессіздіктер парфюмерлік-косметикалық өнімдерден, киім, аяқ киім, тұрмыстық химиялық және синтетикалық жуғыштардан және тағамнан анықталды.

Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан жүргізілген мониторинг қорытындысы негізінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ҚР Заңнамасының талаптарына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілеріне 59 ұйғарым берілді. 2 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы соммасы 275 670 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу