Маңғыстауға жасанды жаңбыр жаудыратын қондырғылар орнатыла бастады

1666

Шетпе, Жетібай және Құрық ауылдарына үш құрылғы қойылды.  

Маңғыстауға жасанды жаңбыр жаудыратын қондырғылар орнатыла бастады

Алда тағы екеуін орнату жоспарланған. Барлығы 5 кешеннің көмегімен өңірдегі ылғалдылықты кем дегенде 30 пайызға арттыру көзделген. Қондырғы көмегімен теріс ағынды иондар бұлтқа жіберіліп, әуеде ылғал түзіледі. Осылайша құрғақшылықты жеңу туралы келісім бар. Жоба құны – 5 млн еуро. Оның 1 млн 200 мың еуросын демеушілер көтереді, қалған соманы жобаны ұсынушы компания инвестициялайды. Келісімшарт 1 жылға жасақталды. Пилоттық жоба тиімділігін дәлелдесе, әрі қарай жалғасуы мүмкін.

Жоба жетекшісі Алтай Айнабек: "Үш қондырғыны қостық. Бір жетінің ішінде тұрақты жаңбыр жауады деп деп жоспарлап отырмыз. Барлығы бір кешен боп жұмыс жасайды 100 мың шаршы км аумаққа жаңбыр жаудырамыз. Қондырғының 3-уі қашықтықтан, 2-уі қолмен басқарылады", – деді ол.                                                         

Алмас Қылыш                                                                                                                                                                       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу