Маңғыстаулық 100 жасаған кейуана дауыс берді

612

Маңғыстау облысы, Қарақия ауылының тұрғыны, 100 жастағы Ханым Сүйіндікова N148 сайлау учаскесінде ұрпақ болашағы үшін дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстаулық 100 жасаған кейуана дауыс берді

Ғасыр жасаған кейуана өз таңдауын көшпелі сайлау жәшігі арқылы жасап, жастарға бата берді. 

Ханым Сүйіндікова 1922 жылы дүниеге келген. Сонау зұлмат жылдарда өмір сүріп, саяси нәубеттің зардабын тартқан. Кейін Отан соғысының қасіретін тартып, тылдағы ауыр еңбектің азабын арқалаған ана. Екі ғасырдың жүзін көрген кейуана бейнетінің зейнетін көріп,шөбере сүйіп отыр.

Қанша қиындық көрсе де мойымай, аман-есен 100 жасқа толған батыр ананы 148 сайлау учаскесі аудан әкімінің және сайлаушылардың атынан құттықтап, сый-сияпат жасады.  

Дауыс беру бөлімшесінің төрағасы А.Чукиннің айтуынша, аядай ауылда дауыс беру құқығына ие 241 сайлаушы бар. Түске дейін олардың жартысынан көбі келіп дауыс берген. Сайлаушылардың ең жасы үлкені 100 жаста болса, ең жас сайлаушы бүгін 18 жасқа толып, алғаш рет өз кандидатын сайлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу