Маңғыстаулық 5 студент "Қазақстанның 100 үздік студенті" құрамына енді

613

Студенттер "Тop 100 outstanding kz tvey students" платформасына онлайн дауыс беру жүйесi арқылы таңдалған.

Маңғыстаулық 5 студент "Қазақстанның 100  үздік  студенті" құрамына енді

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен "Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті" республикалық конкурсына Маңғыстау облысынан үздік 10 студент туралы мәлімет жолданған, деп жазады inbusiness.kz.

"Тop 100 outstanding kz tvey students" платформасына онлайн дауыс беру жүйесi арқылы өтіп, 5 студент "Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті" атағына ие болды.

Олар Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі, Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері. Үздіктер білім көрсеткіші, қоғамға қосқан үлесі, тың жобалары бойынша сыннан өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу