Маңғыстаулық боксшы Ресейдегі халықаралық турнирде үздік атанды

755

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық команда екінші орын иеленді. 

Маңғыстаулық боксшы Ресейдегі халықаралық турнирде үздік атанды

Бокстан Маңғыстау облысының командасы Грозный қаласында өткен матчтық кездесуге қатысты. Боксшылар бәсекесіне Ресей, Шешенстан Республикасы, Түркменстан және Ресей студенттер одағының командалары қатысқан, деп хабарлайды olympic.kz.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық команда екінші орын иеленді. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов халықаралық турнирдің үздік боксшысы деп танылды. Бірінші орын Ресей боксшыларының еншісінде.

Үшінші орында Ресей студенттер одағы мен Түркменстан командалары өзара бөлісті.

"Боксшылардың жеңіске деген жігері мол болды. Қатысушылардың да жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Бұл біздің жас боксшылар үшін үлкен тәжірибе екені сөзсіз. Өйткені, Ресей сапында әлем чемпионы Василий Егоров, жастар Олимпиадасының жеңімпазы Илья Попов сынды тәжірибелі боксшылар жұдырықтасты. Біздің команда сапынан Бекзат Нұрдәулетовты атап өткім келеді. Ол бірінші жекпе-жекті нокаутпен ұтса, қалған кездесулерде қарсыластарын нокдаунға жіберді", - дейді бапкер Асхат Камалов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу