Маңғыстаулық бухгалтер мемлекеттік аудит қызметкеріне заңсыз аударым жасаған

651

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Шамурайт Шаменовтің хабарлауынша, квазимемлекеттік сектордың бухгалтері тексеруге келген ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкеріне 50 мың теңге көлемінде ақша аударған. 

Маңғыстаулық бухгалтер мемлекеттік аудит қызметкеріне заңсыз аударым жасаған Фото: canva.com

Аудитор бұл жағдайды дереу басшысына жеткізіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде, заңсыз сыйлық берген бухгалтерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабы жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы беруi бойынша 200 айлық есептік көрсеткіш – 690 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушы бухгалтер айыппұлды өтеді.

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттiк қызметшiнiң қандай да бір себептерiне қарамастан сыйлық қабылдауға құқығы жоқ екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу