Cот шешімі: Маңғыстаулық экс-шенеунік 3 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады

308

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Жұмабаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды.  

Cот шешімі: Маңғыстаулық экс-шенеунік 3 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады Фото: obvk.kz

Экс-шенеунікке жаза ретінде 2 917 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.                                                   

Қылмыстық істің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысымен қатар "Каспий" футбол клубының директорына да айыппұл салынды.

"Сот алқасы Қанат Жұмабаевқа 2 917 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. "Каспий" футбол клубының директорына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 333 600 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Жұмабаев 2022 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезде жұмыс орнында ұсталған болатын.

Өткен жылдың мамыр айында оған қатысты сот талқылауы аяқталды. Сот Қанат Жұмабаевты ақтады.

2023 жылдың шілдесінде ақтау үкімін алғаннан кейін Қанат Жұмабаев Маңғыстау облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы қызметіне қайта оралды. Басшы қызметіне оралғаннан кейін үш ай өткен соң, шенеунік өз қызметінен кетті. 2023 жылдың қазан айында өңірдің спорт басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қайтадан сот қарауына жіберілді.                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу