Маңғыстаулық еріктілердің ұйымдастыруымен 441 тонна шөп тегін таратылды

747

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2 900 отбасына 441 тонна шөп тегін таратылған.

Маңғыстаулық еріктілердің ұйымдастыруымен 441 тонна шөп тегін таратылды

Аудан әкімі Бейнеубек Әбіловтің айтуынша, ауданда мал саны 159 267 басты құрайды. Оның ішінде 7 194 сиыр, 111 020 қой, ешкі, 17 946 жылқы және 23 107 түйе бар.

"Қуаңшылыққа байланысты 167 шаруа қожалығы мен 2304 жеке қосалқы шаруашылыққа 244,7 млн теңге біржолғы көмек қаражаты берілді. Ал аудан еріктілерінің ұйымдастыруымен 441 тонна шөп тегін таратылды. Сондай-ақ мамыр айында жауапты мамандар Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына жұмыс сапарымен барды. 2 аудан арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келіссөздер нәтижесінде ауданның бірқатар шаруашылығы Байғанин ауданының жайылымын пайдаланып отыр", – деді Бейнеубек Әбілов.

Бейнеу ауданының аумағында 252 құдық бар. Оның 191-і пайдалануға берілген. Ал иесіз қалған 61 құдықты коммуналдық меншікке көшіру жұмыстары жыл соңында аяқталады. 

Аудандағы тіркелмеген мал басын бірдейлендіру базасына "Жасыл дәліз-2" бағдарламасы арқылы 17 949 бас мал тіркелді. 

Алмас Қылыш 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу