Маңғыстаулық кәсіпкерлерге 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

476

Қаржылық қолдау кәсібін жаңа бастаған немесе жеке бизнесін тіркегенге 3 жыл толмаған кәсіпкерлерге беріледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Маңғыстаулық кәсіпкерлерге 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

“Грант кәсіпкерлерге бірнеше жылдан бері беріліп келеді. Ал, биыл оның шарттары өзгерді. Былтыр грантқа 29 жасқа дейінгі жастар өтінім берсе, биыл жасқа байланысты шектеу алынып тасталды”,- дейді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Пікір Сансызбаев. 

Грантқа 60-тан астам бағыт бойынша өтінім беруге болады. Ішінде маңызды бағыттары мынадай: агроөнеркәсіп, жиһаз өндірісі мен жеңілөнеркәсіп, құрылыс жабдықтарымен метал емес минералдық өнімдер шығару, металлургия, метал өңдеу және машина құрылысы, транпорт, туризм, ақпарат және байланыс, жеке немесе жалға алынңған жылжымайтын мүлікті басқару, кәсіптік, ғылыми және техникалық бағыт, көлікті жалға не уақытша беру, лизинг бағыты, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала, өнер, демалыс және көңіл көтеру, басқа да қызмет көрсету саласы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу