Маңғыстаулық құсбегі жүлдегер атанды

651

Абай облысы, Үржар ауданында құсбегіліктен өткен тұңғыш әлем чемпионатында маңғыстаулық Айшуақ Тайманов қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Маңғыстаулық құсбегі жүлдегер атанды Фото: inbusiness.kz

Ұлттық құрама мүшелері Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. Құрамада өнер көрсеткен қазақстандық құсбегілер Бексұлтан Сейітжан мен Ерасыл Серікбек 1 және 2 орын алса, 3 орынды маңғыстаулық Айшуақ пен қырғызстандық Салават Айбекулу өзара бөлісті.

Құсбегіліктен өткен әлем чемпионаты саятшылық өнерінің халықаралық деңгейде дамуына жол ашты.

"Алғашқы әлем чемпионатында 3-орын алдық. Үлкен жетістік, жеңіс ортақ! Ұлттық рухымыз өсіп, ата-бабамыздан қалған өнерді жалғастырушылармыз. Сол сезімнің өзі мақтаныш", - дейді Айшуақ Тайманов.

Аталған чемпионатқа әлемнің жеті елінен 100-ден аса спортшы келді. Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Украина, Қытай елдерінен 61 бүркіт, 20 қаршыға, 15 ителгі қатысты. Әлем біріншілігінде спортшылар "Бүркіт", "Қаршыға", "Ителгі" бойынша сынға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу