Маңғыстаулық мектеп түлектері кеш өткізуге кететін ақшаны қайырымдылыққа беріп жатыр

2111

"Нұрлы болашақ" шарасына әзірге 10 мектептің түлегі қосылған.

Маңғыстаулық мектеп түлектері кеш өткізуге кететін ақшаны қайырымдылыққа беріп жатыр

Маңғыстау облысындағы 10 мектептің түлектері мектеп бітіру кешінен бас тартып, кешке жұмсайтын қаржыны қайырымдылыққа беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

"Нұрлы болашақ" шарасына әзірге 10 мектептің түлегі қосылған. Мәселен, ақтаулық оқушылар балалар үйіне ойыншықтар сыйласа, Мұнайлы ауданының түлектері көпбалалы отбасылардың балаларына жазғы лагерьге жолдама тарту етті. Ал Жаңаөзен жастары аз қамтылған отбасыларға барып, қажетті заттарын сатып алып берген. Кей мектеп түлектері думанды кештерді киелі жерлерге саяхат жасаумен алмастырмақшы. Бекет ата жер асты мешітін, басқа да тарихи ескерткіштерді аралап, өлкенің тарихымен танысуды жоспарлап отыр.

"Айта кететін жайт бұл акция әлі де жалғасын табады. Себебі басқа мектептер де сол акцияға қосылып жатыр. Осы жылы мектеп кештері мектептен тыс жерлерде болмайды. Тек қана мектептің қабырғасында өтетін болады", – деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев.

Айта кетелік, биыл Маңғыстау облысында 5579 түлек мектеп бітіреді, оның 4298-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу