Маңғыстаулық мұнайшы жылына 22 мың қызғалдақ егеді

860

Берекеттің қызғалдақ өсіруге деген қызығушылығы осыдан 5 жыл бұрын басталған. 

Маңғыстаулық мұнайшы жылына 22 мың қызғалдақ егеді

Маңғыстаулық мұнайшы Берекет Беков өз ауласында жылына 22 мыңға дейін қызғалдақ өсіреді. Бастапқыда Баянды ауылындағы үйінің ауласында шағын жылыжайға 200 дана гүл егіп көрген. Жыл санап қызғалдақты көптеп отырғыза бастаған. Мұнайшының хоббиі отбасының да сүйікті ісіне айналып үлгерген.

"Маған бақшада жұмыс істеп, өсімдіктерді күтіп-баптаған ұнайды. Жеке үйдің ауласында да көкөніс, жеміс ағаштарын отырғызуға әбден болады. Ал гүл егу – бұл ерекше күтімді қажет етеді. Тұқымды Голландиядан алдырамын. Алғашында аз-аздан ектім, содан кейін тапсырыс берушілер пайда болып, жылыжайды кеңейтуге тура келді. Біздің өңірдің топырағына бәрін отырғызуға болады, бастысы – уақытылы күтім жасау", – дейді Берекет Беков.

Берекет 15 жылдан бері мұнай салысында жұмыс істеп келеді. Мұнайшының сүйікті ісі бүгінде шағын кәсіпке айналған. Ол тағы 1 000 тұқым алдырып, кен орнына да гүл егуді жоспарлап отыр. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу