Маңғыстаулық мұнайшылар өндіріс орындарында өз таңдауын жасауда

141

Бүгін Маңғыстау облысының Қарақия ауданында еңбек адамдары саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын өндіріс орындарында жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстаулық мұнайшылар өндіріс орындарында өз таңдауын жасауда Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Аудан аумағындағы мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшылар үшін арнайы жағдайлар жасалып, олар өндірістік үдерістен қол үзбей-ақ дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі саналатын мұнай саласында қызмет ететін жұмысшылар таңғы уақыттан бастап өз учаскелерінде дауыс беріп, ел өміріндегі маңызды науқаннан тыс қалмайтынын көрсетті. Көптеген мұнайшылар ауысымаралық уақытты пайдаланып, азаматтық борыштарын орындады.

Сайлау үдерісінің ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуі үшін өндіріс орындарында барлық қажетті шаралар қабылданды. Учаскелер заң талаптарына сәйкес жабдықталып, сайлау комиссиялары мен бақылаушылар өз міндеттерін талапқа сай атқаруда.

Мұнайшылардың айтуынша, ел болашағына бейжай қарамай, маңызды қоғамдық-саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан олар өндірістегі қарбаласқа қарамастан дауыс беруге уақыт тауып, өз таңдауларын жасауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу