Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы – APLO-2025 өз мәресіне жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды.
Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті – 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:
- Рамазан Бутантаев – 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;
- Самир Сарбасов – 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;
- Тимур Кантаев – 11 сынып, "Арыстан" мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;
- Зере Серікова – 11 сынып, №9 "Зерде" мектебі, Астана қаласы;
- Темірлан Сейтбаттал – 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.
Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
- Ислам Сипатталов – 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;
- Шыңғыс Қарасаев – 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;
- Арон Хасанов – 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.
Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы – лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті – Аида Давлетова.