Маңғыстаулық оқушылар жаңа медициналық құрал ойлап тапты

751

Маңғыстаулық оқушылар Астанада өткен "Биомедицина, инженерия и технологиялар" атты ХII шарада зағип жандарға арналған "DolphEYE" көзілдірігін таныстырды.

Маңғыстаулық оқушылар жаңа медициналық құрал ойлап тапты Фото: inbusiness.kz

Жоба авторы, маңғыстаулық оқушы –Мырзаәлі Асанов. Оның айтуынша, зағип жандарды қоғамнан алыстатып алмау, олардың комплекс мәселесіне бейжай қарамай, қоғамда қолайлы өмір сүруіне мүмкіндіктер жасау.

“Статистикалық мәлеметтерге сүйенсек әлемде 300 миллионнан астам көру қабілетінен айырылған жандар өмір сүреді. "DolphEYE" деп аталатын көзілдірік зағип жандардың күнделікті өмірінде туындайтын қолайсыздықтардың алдын алады. Бұл көзілдірік зағип жанға А нүктесінен Б нүктесіне кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. "DolphEYE" көзілдірігі зағип жандарға күнделікті өмірде қолайлы қозғалуға көмектесіп қана қоймай, қоғамдағы "комплекс" мәселесін шешуге арналған. Бұл шешімге жету мақсатында Arduino Nano платосымен қатар арнайы қосымшаларды қолдандық”, – дейді жоба авторы Мырзаәлі Асанов. 

Ақтаудағы NIS оқушылары жасап шығарған "Qarapaiym emdeu" деп аталатын робот-терапевтте үздіктер қатарынан көрінді. Мұндай роботтардың коронавирус секілді жұқпалы аурулардан қорғану үшін тиімді екенін айтады. 

Сондай-ақ, ауруы бойынша тек анықтама алғысы келетіндердің уақытын үнемдейді. Жоба авторы - Данил Мухалев. 

“Робот-терапевт келген адамды ЖСН нөмір және камера арқылы сәйкестендіру арқылы жұмыс жасайды. Робот алдымен дене қызуы, жүрек соғысы, алкогольді ішімдік ішкен-ішпегені туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, науқас қай жері ауырып тұрғанын айтқан кезде робот пайызбен қандай аурулар болуы мүмкін екенін анықтайды”, – дейді Данил Мухалев. 

Сондай-ақ шарада Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұржанат Ақбердиева да өз жобасын таныстырып, белсенділік танытты. 

Наурыз кездесулері қатысушыларына Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының балалар хирургиясы бөлімінің жетекшісі Дастан Рүстемовтің баяндамасы ерекше шабыт берді. Спикер балалар хирургиясының ерекшеліктері мен жаңашылдықтары туралы айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу