Маңғыстаулық прокурорлар 2 мыңнан астам азаматтың еңбек құқығын қорғады

372

6 мүмкіндігі шектеулі тұлғаға 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген.

Маңғыстаулық прокурорлар 2 мыңнан астам азаматтың еңбек құқығын қорғады Фото: Inbusiness.kz

Мұнайлы ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің 2000-нан астам жұмысшылардың, оның ішінде 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың конституциялық (еңбек) құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Талдау барысында аталған тұлғалардың еңбек шарттарында еңбек заңнамасының талаптарына қайшы жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы көрсетілмегені анықталған.

"Мысалы, Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді, бұл талаптарды бұза отырып 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген. Осы факті бойынша Маңғыстау облысының еңбек инспекциясына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді", - делінеген облыстық прокуратура таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта барлық заң бұзушылықтар жойылған, аудандық білім бөлімінің басшысы әкімшілік жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу