Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

474

Шешуші кезеңде Шағырайторы топ бастап, бірінші келіп, рекорд орнатты.

Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты Фото: inbusiness.kz

"Ұлы дала жорығы" марафон- бәйгесіне қатысқан "Рекорд" командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып,  Түркістандағы мәре сызығын 08 сағат 44 минут 09 секундта бірінші болып кесті.

Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен “Рекорд” командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған. 

Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлдеқоры беріледі.

1-орынға - 2,5 млн теңге, 2-орынға -  2 млн теңге, 3-орынға - 1,5 млн теңге

Еске салайық, Маңғыстаудың "Көкмойнақ" командасы 12-кезеңге келгенде жорықты тоқтатқан болатын. Дегенмен Маңғыстаудың Адай тұқымдас тұлпары - Шағырайторы Гиннес рекордтар кітабына енгізу жолында сынға түскен еді. Бүгін шешуші кезеңде Шағырайторы топ бастап, бірінші келіп, рекорд орнатты.

Сондай-ақ, "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің топтық жарыс жеңімпаздары Жетісу облысының командасы атанса, екінші орынды Ақтөбе және үшінші орынды Алматы қаласы иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу