Маңғыстаулық Шағырайторы тұлпары әлемдік рекорд жаңартпақ

771

"Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінде 4 ат әлемдік рекорд орнатпақ.

Маңғыстаулық Шағырайторы тұлпары әлемдік рекорд жаңартпақ Фото: тумба.кз

"Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінде 4 ат әлемдік рекорд орнатуды мақсат еткен. Оның ішінде Маңғыстау облысының "Көкмойнақ" командасынан шабандоз Нұрсұлтан Құмаровтың Шағырайторы тұлпары бар.

Маңғыстаудан бөлек Астана қаласы, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруді көздеп отыр. Бұл төрттікке төрешілер "Рекорд" деген атау беріп, арнайы 13- команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр.                                                                                                                                              

"Адай жылқысын әрі қарай дамытып, 1300 шашырымды бағындыру үшін жолға шықтым. 750 шақырымды жүріп өттік, ат жақсы. Менің мақсатым - теңіздің суын ішіп, ыстығына төзген Адай жылқысын күллі әлемге таныту", - дейді шабандоз  Нұрсұлтан Құмаров.

"Рекорд" командасының жігіттері мақсатына жетсе, келесі жылғы Жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарланып отыр. 1300 шақырымды 1 атпен аз уақытта бағындырған азаматтар мен қазанаттардың нәтижесі рекордтар кітабына бұрын соңды болмаған рекорд ретінде енгізуге сұранып тұр.

Бүгін "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды. 12 команда жалпы есеп бойынша 850-шақырымды бағындырмақ. Алда 5 кезең, яғни 450 шақырым қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу