Маңғыстаулық шаруалар Францияда өткен дүниежүзілік ірімшік сайысында үздік атанды

469

Le Mondial du Fromage байқауы – кез-келген елдің өндірушілері өз ірімшіктерін әлемдік қауымдастыққа ұсына алатын Еуропадағы жалғыз алаң.

Маңғыстаулық шаруалар Францияда өткен дүниежүзілік ірімшік сайысында үздік атанды Фото: inbusiness.kz

Ешкі мен түйе сүтінен жасалған Маңғыстау ірімшіктері Mondial du Fromage -2023 байқауында қола мен күміс медальді жеңіп алды. Түпқараған ауданында тұратын кәсіпкерлер Орталық Азиядағы ірімшік жасаушылардың Халықаралық Гильдиясына құрметпен және салтанатты түрде қабылданған алғашқы ірімшік жасаушылар болды. Бұл ірімшіктер енді әлемдегі жоғары сапалы ірімшіктердің қатарына енетін болады.

Le Mondial du Fromage байқауы – кез-келген елдің өндірушілері өз ірімшіктерін әлемдік қауымдастыққа ұсына алатын Еуропадағы жалғыз алаң.

Отандық кәсіпкерлер түйе сүтінен жасалған ірімшіктің 4 түрін ұсынды. Айта кету керек, мұндай ірімшіктер байқауда алғаш рет көрсетілді. Шаруашылық қазір пастерленген ешкі сүті, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады.

"Александра Гаврилова біздің кеңестің белді мүшесі. Бүкіләлемдік ірімшік жасаушылар гильдиясына қабылданғаны үлкен қуаныш болды. Мұндай жаңалық Қазақстан үшін алғаш рет болып отыр. Бұл ірімшік жасаушылардың әлемдік элитасы. Біздің жергілікті өнімдер сапасы мен табиғи құрамы жағынан ешкімге дес бермеді",- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Ірімшіктер туралы айта кетсек, бәсекелестік шынымен әлемдік деңгейде болды. "7 лак" ЖШС-нің екі түрлі ірімшігі күміс пен қола алды. Бұл конкурсқа барлығы 1400-ден астам ірімшік жіберілген. Оның 150-і бағаланған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу