Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астық өңдеушілер одағы, облыстық әкімдік, "Каспий" ӘКК-нің жем-шөп жөніндегі операторлар тобымен келіссөздер барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.
Соның нәтижесінде енді маңғыстаулық шаруалар кебекті арзан бағамен сатып алатын болды.
Мәселен, бұған дейін Солтүстік Қазақстаннан 65 теңгеге шыққан өнімнің бағасы батыс өңірлерге жеткенше 100 теңгеге дейін көтерілетін. Енді мал азығын астықты өңдеушілердің өздері тасымалдауға жәрдемдесетін болды. Осылайша өңірге келетін кебектің бір келісі 75 теңгеден саудаланады деп күтілуде.
"Ал бұл жергілікті климатқа байланысты жемшөптің 10% ғана жиналатын өңір үшін таптырмас мүмкіндік" – дейді мамандар.