Маңғыстаулық шаруаларды қолдауға 2 млрд теңгедей субсидия бөлінді

556

Маңғыстау облысында агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін қолдау мақсатында биыл бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінді.  

Маңғыстаулық шаруаларды қолдауға 2 млрд теңгедей субсидия бөлінді Фото: tumba.kz

Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазыбек Тәшімовтің айтуынша, бұл қаржы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен қаралды.

Жалпы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін 2019-2021 жылдар аралығында агроөнеркәсіптік кешеннің мыңнан астам субъектісіне 2,33 млрд теңге көлемінде субсидия берілген. Былтыр 2,2 млрд теңге қаражат 581 ауыл шаруашылығы кешеніне субсидиялауға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Биыл шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін, шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында бөлінген 1,9 млрд теңгенің 818 млн теңгесі мал шаруашылығын дамытуға, 43,6 млн теңге егін шаруашылығына, 720,4 млн теңге инвестициялық субсидиялауға, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 350 млн теңге бөлінеді", - дейді Қазыбек Тәшімов.

Субсидия кәсіпкерге асыл тұқымды мал басын сатып алуға, оның азығына кеткен шығынды өтеуге, құс шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лизинг бойынша ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының несиелік сыйақы мөлшерлемелерін өтеуге, ауыл шаруашылығы жерлерінде жаңа ұңғымалар қазуға, егін шаруашылығында тыңайтқыштар сатып алуға, жұмсалған су құнының шығынын өтеуге  жағдай жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу