Маңғыстаулық шаруаларға 5 мың тонна бидай кебегі арзан бағамен жеткізілмек

724

Маңғыстау облысындағы мал шаруашылығы кәсіпорындарына Азық-түлік корпорациясы арқылы арзан бағамен 5 мың тоннаға дейін бидай кебегі жеткізіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстаулық шаруаларға 5 мың тонна бидай кебегі арзан бағамен жеткізілмек

Оның айтуынша, астық қорын қалыптастыру үшін 200 мың тонна форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлінеді. Былтырғы құрғақшылық қайталанған жағдайда бұл мал мен құстың сақталуын қамтамасыз етеді.

"Биыл мамыр-маусымда Азық-түлік корпорациясы арқылы арзан бағамен 5 мың тоннаға дейін бидай кебегі жеткізіледі", - деді министр.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімдігі 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 579,7 млн теңге бөлген. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының ұрғашы мал басы азығының құнын арзандатуға 384 млн теңге қарастырылған.

"Мұнай компанияларының қолдауымен жемшөп бағасы 1 қап кебек үшін 1900-2100 теңгеден 3 200 тонна көлемінде 1500 теңгеге дейін төмендеді. Азық-түлік корпорациясының резервінен босатылған азықтарды сату бағасы тоннасына 50 мың теңге болды, бұрын осы желі бойынша 220 тонна кебек сатылған. Тасымалдау және өзге де шығындар Маңғыстауда тоннасына - 65-70 мың теңге", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу